Ана махаббаты (Суреттен туған ой)

Басқа адамдар бақытты болса – бізде бақыттымыз. Бұл утопия сияқты көрінеді. Бірақ, отбасылық жағдайға қарасақ мұның шындық екеніне көзіміз жетеді. Мына көрініске қарайықшы. Анасының құшағындағы бала ерке қылығымен, шексіз қуанышымен анасын баурап алған. Баласы қаншалықты қуанса анасы да соншалықты қуанышты, әрі бақытты. Баласынан аянар мейірімі жоқ. Ол күлсе күледі, жыласа жылайды. Адамдар да, қоғамда, бүкіл әлем де солай. Тұтас заңға бағынады. Ол бір-біріне деген мейірім, махаббат. Діннің мақсаты әрбір адамның жүрегіне осы мейірімділік дәнегін егу...

Осыдан келіп шығатын қорытынды өзімшілдік (эгоизм) бар жерде бақыт бірге тұра алмайды. Бақыт бауырмалдық, мейірім, елдік санаға (альтруизмге) тән...  

«Өзіне қалаған жақсылықты өзгеге де қаламайынша шын мұсылман бола алмайды» (Хадис).

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
9 лет назад 5256
2 комментария
  • Машалла! Аналар ұзақ жасасын. Алла Тағала аналарымыздың күнәсін кешірсін!
    9 лет назад
  • Айналайын, адамдар! Бәріңнің де анаң бар. Еш болмаса ана туралы бір пікір жазуға жарамадыңдар ма, жарандар!
    9 лет назад
О блоге
0
11194 23 50 29 31
Прямой эфир