Біз не іздейміз?

                        Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтады:

«Кім білім іздеу жолына түссе Алла Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді».

 

Кез-келген адам өмірден ұдайы әлденені іздеумен болады. Қай тұрғыдан алып қарасақта солай. Бұл тек ақиқаттың айнымас терең сырын іздеген адамға ғана қатысты емес екенін аңғартады.

Әйткенмен «іздеудің» соңы қалай аяқталады? Нені іздейміз? Не үшін іздейміз? Қалай іздеу керек? Бұл сұрақтарды саналы түрде қабылдамауымыз мүмкін.

Айтқымыз келіп отырғаны – тек өз ойын баяндаумен ғана жіңішкеріп кетеберер әуестік жеңген жолдардың күткені емес, ақиқаттың мәңгілік ырғағын қатиралап алуға деген талаптануда емес, қосымша ақпаратпен ойлануға түрткі ғана болсын.

«Сауал» - кез-келген нәрсенің бастамасы. Біз материялдық дүниеге апаратын іздеулерге жол салмаймыз. Қас-қағым сәтпен мәңгіліктің айырмасынан бұлайша бір мол мазмұн шығарып, күнделікті өмірге өзгеше өрнек берудің ұшығын іздеуіміздің қаншалықты күңгірт, баттасқан, көл көсір болған сайын, оның соншалықты қияға қанат бітірерліктей құдіретке ие болатыны бар.

Ендеше, сауал: Біз өмірде нені іздейміз. (Жауапты А тобына топтаймыз)

1)      Жеке тұлғалық қасиеттерімізді.

2)      Өз сұрақтарымызға жауап.

3)      Ақиқи дінді және оны өміріңнін негізі ету жолдарын.

4)      Еш күдіктенбестен ізгілікке қадам жасау үшін сенім (иман).

5)     Түсіну мен түсіндіру үшін жетекші (Жылқының төрт аяғының жерге тиген сәтін суреттейтін қас сыншыдай ұстаз. Иә, оған лайық тек Пайғамбарымыз Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын).

6)      Тағы басқа...

Қойылар сұраққа әр түрлі жауап болуы мүмкін. Бірақ, жауаптың әр қайсысы өзінше дара. Бұл сұрақтың жауабы, жауап беруші тұлғаның рухани деңгейіне байланысты. Енді біз сұраққа нақты жауап берсек. Сонымен, біз не үшін іздейміз? (Жауаптарды Б тобына біріктіреміз)

    1) Өзіңді жеке тұлға (Алланың жер бетіндегі орынбасары) ретінде тану үшін.

      2)  Дүниетанымдық сұрақтарға жауап алу үшін (Мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда барамын?).

   3) Ақиқи дінді негізге ала отырып өмірімізді жеңілдету үшін.

   4) Бір-бірімізге деген сеніммен бақытты ғұмыр кешу.

   5) Ұстаз біздің өмір жолымызда ақ пен қараны анықтап беру үшін (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) міндеті адамзатқа ұстаздық етіп, тура жол көрсету).

   6) Тағыда басқа...

Бұл жауаптың мәні алдыңғы жауаптың ішкі астарында. Біз не іздеп жүрміз? Сұрақтар қойылғанға дейінгі сұрақтар. Тұйық шеңбер. Жалғаса береді... Дүниетаным қандай болса іс-әрекетіміздің жемісіде сондай. Ал, біздің дүниетанымымыз бір ғасырға жуық уақыт материялдық күңгірт қағидаттармен қалыпталды. Енді кенеттен қоғамнан рухани терең ілім талап ету мүмкін емес. Өйткені, барлық өзгеріс – сана өзгергенде ғана болады.

Сауалды, нені қалайсын? Қандай нәтижеге жеткің келеді? Соған қатысты икемдеугеде болады. Ал, жетер нәтиже сауалға жауабымыздың қаншалықты ақиқилығына байланысты. Кейде сол сауал қоюмен нәтижегеде жете бермейміз.

Нәтиженің соңында қауіп бар. Қандай қауіп? Қауіп нәтижеге жеткендіктен емес, нәтиже адамды қанағаттандырғандықтан қауіпті. Жауапқа қол жеткізген сәттен үзіліс, тоқырау басталады.

Мынандай бір әзіл бара еді ғой.  Салмағы ауыр шойын темірді көтерген балаға біреу келіп, көрші аулада тағы біреу оданда ауыр шойын темірді көтерді деп айтқанша сол беті көтеріп тұра беретін еді.

Сол сияқты рух, рухани әлемде қозғалыс үстінде болуы керек. Адамды тыным таптырмай қозғалысқа келтіріп тұрған рух сұраққа жауап тапқан сәтте соңғы аялдамаға келіп тоқтайды.

Біз үшін бәрі жақсы. Солай ойлаймыз. Қабылдаймыз. Ал жеңістің соңы рух тыныштық табуы керек. Ал, бізде шын мәнінде солайма?

Сауалдың жауабына жеткенімізбен материялдық, рухани дүниенің бірлігінен туындайтын іс әрекетіміз соңғы нүктесіне келіп тоқтаған жоқ. Мысалы, жүрек қағысы. Материялдық тұрғыда қозғалыс үстіндеміз. Ойымызда қозғалыс үстінде. Ал, осыдан кейін біздің рухани әлеміміз тыныштықта қалғып тұра алама? Әрине жоқ. Ол енді кері бағытта қозғалысқа түседі (құлдырау басталады). Сондықтан мынандай қорытынды шығады, біз қаншалықты бір орында тұрақтасақ соғұрлым өзімізге көңіліміз жай болады. Әрбір қол жеткізген нәтиже (жауап) жаңа сауалдардың бастамасы.

Тарихи жазбалар. Тарих ізінде ашыған таңғажайып жаңалықтар. Ата бабаларымыздың даналық өсиеттері....

Бұл не?

Нәтиже ме? Әлде біз үшін алдымызға қойылған кезекті жаңа сауалдар ма?

 

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
9 жыл бұрын 4433
5 пікір
Блог туралы
0
11194 23 50 29 31