Салыстырмайтын нәрсені салыстыру

Әлемдегі көзге көрінбей тұрған дүние түгілі, қозғалыстағы, өзгерістегі құбылыстардың сыры толық ашылып болған жоқ. Ал, оның байыбына жету үлкен мәселе.

Әлем не?

Мына ғалам қалай жаратылды?

Қалай тыныстап тұр?

Біз кімбіз?

Міне, осындай толассыз сұрақтардың ішінен өзіңе кішкентай ғана тиянақ тауып, ізгілікке ұмтылу – дүниенің түсін танып, сырын ұғумен пара-пар. Ендеше, біз Алла әміріндегі әлемге сапар шегеміз. Тек бір, екі минут  уақытыңызды бөлсеңіз болғаны.  

Егер жердің серігі ай емес күн жүйесіндегі планеталар болғанда не болар еді? Көз алдымызға елестетіп көрейікші. Жоқ. Керісінше. Елестетудің өзі қорқынышты. Біз жер серігі ай емес басқа бір жұлдыз болғанда не болатынын жете сезіне түсу үшін фоторедактордың көмегіне жүгініп көрсек. 

Күнделікті өмірде айлы түн осындай болып көрінеді.  Мамыражай, манаураған тыныштықтың лебі

сезіледі. 

Ал, мына көріністе айдың орнында тұрған жұлдыз Меркури. Меркури мен айдың көлемі бірдей. Сондықтан, еш айырмашылық жоқ. Бірақ, түсі өзгеше болғандықтан жерге басқаша рең беріп, қолайсыздық тудырар еді. 

Бұл қызыл планета – Марс. Марстың көлемі айдан үлкенірек. Сондықтан, жер қызғылт түске боялып, үрей туғызар еді. Тамылжыған айлы түнді жырлаған ақындарға Марс түні шабыт силамас қоймас. 

Шолпан – атмосферасына байланысты өте жарық жұлдыз. Сол себепті түніміз күн сияқты жарық болар еді. 

Ал, Нептун балалар бөлмесіне орнатылған білте шамға ұқсас болар еді. Жайлы көрінеді. Онда  жылдамдығы шамамен 600 м/с соққан жел мен метанның көптігі көгілдір етіп көрсетеді. 

Уран болса Нептуннан жарықтау, әрі үздіксіз жел соққандықтан беткі қабаты таза болып көрінеді.  

Сатурн өте үлкен әрі әдемі жұлдыз. Балалар үшін Сатурнның сиқырлы сақиналары жарыс ұйымдастыру үшін таптырмайтын ойын алаңы болар еді. Бірақ...

Алып Юпитер айдан 40 есе үлкен. Ол осы үлкендігімен бүкіл аспанды жауып тұрар еді.  

Сондықтан, адам баласының қамын ойлап жердің серігі етіп айды жаратқан Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Ғалам өлшем мен реттілікпен жаратылмаса алып жұлдыздарға жұтылып кетер едік. Жер бетінде мұндай мамыражай тіршілікте болмас еді. Жұлдызы самсаған айлы түнде серуендеу бақытын езіне алмас едік.

Ай күннен 400 есе кіші. Бірақ, ол жерге күннен 400 есе жақын. Сол себепті жерде тұрған адамға аспандағы күн де, ай да бірдей болып көрінеді. Алла Тағала Құранда: «Расында біз әр нәрсені белгілі бір өлшеммен (тағдырмен) жараттық» -деген (Қамар сүресі, 49 аят). 

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
10 лет назад 5852
2 комментария
О блоге
0
11194 23 50 29 31