Біз өмір сүріп жатқан жасуша - ғалам деп аталады

 

Брендейс атындағы Университеттің ғалымы Марк Миллер нейрондардың байланысын ұзақ жылдар бойы зерттеп, ми жасушасының структурасын анықтаған. Ал, ғаламның кескінін астрофизиктер тобы милиардтаған галактикаларды бақылап жүріп түсіріп алады. Мұндай макро және микро әлемдердің айнымас ұқсастықтарын қалайша кездейсоқтық деп айтуға болады. Алып әлемнің азғантай ғана ақылмен көз жеткізуге болатын мәнін ұқпауда нендей құпия, не сыр бар?

Бір қарағанда ми жасушасы мен ғаламның бір-біріне еш байланысы жоқ әлемдер. Арасындағы көлем алшақтығы да ақылға симайды. Бірақ, суретке қарасақ екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Өйткені, мына ғалам мен жасушаның жаратушы иесі Біреу. Ол Алла. Екеуіне де Алланың таңбасы, мөрі басылған. Үлкендігі ақылға сыймас ғалам мен көзге көрінбес жасушаны жаратқан Шебердің Бір екенін ақылымызға салады. Бұл ұқсастық Жаратушының теңдесі жоқ бір Күш екенін, Өз шеберлігін паш еткен хикметі екенін сезінген сайын, Оған құлшылық жасап, жақсы амалдар жасауымызға шабытандыра түсері хақ.

Егер біз адам – уақыт жағынан да, көлем-кеңістік жағынан да тұтас, алып әлем шеңберінде Ұлы Бір Күшке бағынышты болсақ, онда дерт пен құрдымның кішкентай жұрнағы, бірақ ең алапат иесі – қарабастың қамы, өзімшілдік, менмендік солардың қоржынынан шыққан астамшылық атаулыға неге сонша ессіз ынтамен ұмтылады екенбіз???

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
10 жыл бұрын 6777
0 пікір
Блог туралы
0
11194 23 50 29 31