Әсет БЕКТҰР: ДІНИ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ӨЛШЕЙМІЗ?

«Адам нені және қалай ажырататындығынның мәніне жетіп (әдісін біліп), 
өмір бойы жақсы мен жаманды айырар болса, 
міне, сонда ғана бақытқа жетеді».

Әл-ФАРАБИ

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.

Хәкім АБАЙ

Бүгінде біз ақпаратты шамадан тыс өндіріп, оны қорытып, сараптауға уақыт таба аламай миымыз ашып отырғаны жасырын емес. Соңғы он жылдықта ақпарат – әлемді күрт өзгертіп, өзіміз бен қоғамды, мәдениетті, әсіресе дін жайлы көзқарастарымызға да үлкен ықпал етуде. Әр саладағы, түрлі бағыттағы ақпараттың ғаламдық өзара байланысқа, қоғамға, адамның дүниетанымына, оның болмысы мен жеке өміріне әсері әлі толық анықталмаған. Бұл алдағы уақытта зерттеп, зерделеуді қажет ететін күрделі мәселелердің біріне айналып отыр.

Google компаниясының айтуы бойынша соңғы уақытта адамзат 300 эксабайт ақпарат өндірген. Ал 4 жыл бұрын ғаламдық ақпараттың көлемі 30 эксабайт болған. Демек, адамзат тарихында болмаған ақпарат бар болғаны 4 жылдың ішінде өндірілген. Бұл дегеніңіз ақпаратты қабылдап, қарытып, сараптап отыру үшін бұрынғыдан 5 есе көп күш жұмсау керек деген сөз. Бұл күніне 175 газетті үтір, нүктесіне дейін оқып шығумен бірдей. Қалай болғанда да мойындауымыз керек, қазіргі уақытта адам күніне мұндай ақпарат легін қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Мүмкіндік жоқ емес. Бар. Қабілетте берілген. Бірақ, сансыз мәліметті қабылдағаннан кейін сараптап, дамытып, бір-бірімен байланыстырып іске асыру үшін не істеу қажет? Әсіресе діни ақпаратты өлшейтін қандай әдіс, қандай құрал керек?

Бұл сұрақтарға жауап іздеуіміздің түпкі мақсаты діни ақпараты көп қоғамдық ахуалға дүниетаным тұрғысынан үңіліп, басқа қырынан зерттеп, зерделеу. Өйткені, бүгінгі діни ақпарат қандай болса – дүниетанымымыз сондай болады, дүниетыным қандай болса – іс әрекетіміз сондай болады, ал іс әрекетіміз қандай болса – өміріміз де сондай болмақ. Сол себепті, діни ақпараттың мазмұнын өлшей білу өте маңызды. 

Ақпарат және өлшем

Көзге көрінетін, көрінбейтін барлық жаратылыс өлшем және ақпараттан тұрады. Өлшемсіз зат жоқ. Алла Тағала Құранда: «Расында біз әр нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық» - дейді («Қамар» сүресі, 49 аят).

Өлшем деген не?

Өлшем – обьектінің құрлымы. Жаратылыстың рет пен тәртіппен жүйеленуі - Шексіз Басқарушы Құдіреттің өлшемі. Мысалы Ай Күннен 400 есе кіші. Бірақ, ол Жерге Күннен 400 есе жақын. Сол себепті, Жерде тұрған адамға аспандағы Күн де, Ай да бірдей болып көрінеді. Сондықтан өлшем – обьектінің статистикалық реттелген қүйі.

Ақпарат деген не?

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «іпformаtіо» сөзінен шыққан. Ақпарат бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісізді) анықтайтын және онда болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер.

Енді осы айтылған мәліметтерден қорытынды жасасақ. Кез-келген нәрсе, ол материя болсын, иа, құбылыс болсын ӨЛШЕМ және АҚПАРАТТАН тұрады. Бұл екі категория жаратылыс, материя немесе құбылыстан бөлінбейді. Ақпарат пен өлшемнің тұтастығын былай түсіндіруге болады.

Материалдық тұрғыдан қарастырсақ:

Қаламсап – материалды обьекті (материя).

Қаламсаптың өлшемі – ұзындығы, салмағы, диаметрі т.б.

Қаламсаптың ақпараты – қаламсапты құрап тұрған объектi элементтерінің жыйынтығы, мәліметі. 

Құбылыс немесе дін тұрғысынан қарайтын болсақ:

Дін (Ислам) – Адамзатқа пайғамбар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары, тәртіптері мен өмір сүру жолы т.б.

Діннің ақпараты – Құран Кәрім, Хадис.

Діннің өлшемі – Ислам ғылымын (фикһ, ақида) жүйелейтін мектеп. 

Айқын көрініс

Енді осы мәліметтер бойынша ой қорытатын болсақ, екі категория туралы (өлшем – ақпараттан) адамның дүниетанымын үш түрге бөлуге болады.

Бірінші дүниетаным. Мәселен, материалистер «ақпарат пен өлшемді» негізгі ғылыми категория (дүниетанымды құраушы) деп есептемейді. Материя – ұғымы материализмнің негізгі іргетасы. Олар үшін «материя» уақыт жағынан да, кеңістікте өмір сүруімен де мәңгі болып есептеледі. Сол себепті оларда ақпарат та, өлшем де жоқ.

Екінші дүниетаным. Идеалистер мен түрлі теріс ағымдарда «ақпарат» категориясы бар (жалған болсада), бірақ «өлшем» категориясы жоқ. Сондықтан, ақпаратты өлшейтін «өлшемдері» жоқ. Нәтижесі белгілі. Жоғарыдағы екі дүниетанымда әлемдегі құбылыстарды, түрлі діни ақпараттардың ақ-қарасын байыптай алмайды. Әлде бір процестердің жетегінде кетеді. Кейде "білімді, ақылды, ғалым адамдар қалайша жат ағымның шырмауына түсіп қалады?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Ислам діні адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінен бастап, күллі ғаламның тарихи процесі мен адамзаттың болшағына дейін толық қамтыйтын – иләһи ақпарат. Ал, қоғамда діни ақпарат көп. Ол – ақпараттың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырататын, жүйелейтін «өлшемі» жоқ болғандықтан теріс ағымдардың ықпалынан шыға алмайды. Ақпараттық қор жинау – білімге бастайтын жол, бірақ ол – білім емес. Тұтас, жүйелі дүниетанымы қалыптасқан адам ғана білімді.

Үшінші дүниетаным. Бұл жүйелі дүниетаным. Мұндай дүниетаным сансыз бөлшектерден (ақпарат) тұратын әлемді тұтас қабылдай алады. Себебі онда ақпарат та, өлшем де бар. Ол – қоғамдық платформадағы сан түрлі ақпараттарды және ғаламдық діни, тарихи процестерді өлшеп, байланыстырып «нені және қалай ажырататындығын» біледі. Сол себепті, дін туралы түсінігі санасында, сезімінде, ішкі өлшемінде толық, айқын көрініс берген. Сан түрлі ақпаратты ажыратып, өлшей алатын жүйелі дүниетаным мен жүйесіз дүниетанымдарды мына суреттер арқылы түсіндіруге болады.

Бірінші суретте калейдоскоп көрсетілген. Бұл суреттен бір-бірімен байланыссыз сансыз бөлшектерді көруге болады. Бірақ суреттің мағынасы түсініксіз, бұлыңғыр. Не нәрсе бейнеленгені айқын емес. Жалған ағымдардың, түрлі идеалогияның жетегінде жүрген жүйесіз дүниетанымда сол сияқты. Әр нәрсе туралы жан-жақты ақпараты бар. Бірақ оны байланыстыратын әдісі, өлшемі жоқ. Діни дүниетанымы осындай хаосқа толы адамның іс әрекетіде, өміріде төмендегі кескінге ұқсайды. Сондықтан, тек қана факты (ақпарат) талап етудің ешқандай мәні жоқ.

1-сурет


Екінші суретте кескіні анық, толық көрінісі бар пазл (pazzle) бейнеленген. Бұл суретте не нәрсе бейнеленгенін анық көруге болады. Жүйелі діни дүниетанымда осы сурет сияқты тұтас, әрі айқын. Әрбір бөлшек (ақпарат) өз өлшемімен, ретімен, тәртібімен байланыстырылып орналастырылған. Ал, мұндай дүниетаным өлшем мен әдіс арқылы ақпараттарды байланыстырып дүниедегі, қоғамдағы, діндегі процестерді ажырата алады.

2-сурет

Жүйелі білім

Әрине мұндай жүйелі діни дүниетанымды қалыптастыру үшін жүйелі білім, мектеп қажет. Ал, сан түрлі діни ақпаратты шарттарын сақтай отырып өлшейтін әдісі бар жүйелі білім, тұтас дүниетаным қалыптастыратын мектеп бізде бар. Ол мектеп жан-жақты мүжтахид ғалымдардың еңбек етуімен мың жылға жуық уақыт жүйеленіп 3 басымдық, 4 түрлі әдіс бойынша негізі қаланды.

Олар:

1. Құран

2. Хадис

3. Сахабалардың сөзі

4. Ижма

5. Қияс

6. Истихсан

7. Әдет-ғұрып 

Осы басымдықтар мен әдістер негізінде үлкен мектеп, жүйелі білім қалыптасты. Ол дәтүрлі діни мектеп – ӘБУ ХАНИФА МӘЗҺАБЫ.

Жалғасы бар...

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
9 жыл бұрын 5148
2 пікір
Блог туралы
0
11194 23 50 29 31