Алла әміріндегі әлем

Біз күнделікті тіршіліктің ырқынан шыға алмай әуреміз. Қызық. Қала, көшелер, үй, жұмыс, теледидар, көлік, кітап, мұғалім, балалар, клуб, той жалғаса бермек. Жан-жағыңа қарасаң әлдебір ағын, әлдебір қозғалыстың ырқында. Сонда бұл әрекет немен тынбақ? Ең басты сауал біздің мына алып әлемдегі орнымыз қандай? Бар мақсатымыз бұл сауалды қою арқылы ақылға сыймас алып әлем мен көзге көрінбес кішкентай әлемдерге сапар шегеміз. Табар пайдамыз шындық болсын.  

Бұл жер. Адам баласының тіршілігі жермен байланысты. Тіршілік жаңғырады, жасарады, бірақ солады, өледі...

 

Ғалымдардың айтуы бойынша жер бетінде дүние жаратылғаннан бері 108 миллиард адам өмір сүрген. Ал, дәл қазіргі уақытта 7 миллиард адам ғұмыр кешуде. Соның біреуі – біз.

 

Жер мен айдың арақашықтығына күн жүйесіндегі жұлдыздар сыйып кетеді екен. Арнайы өлшеніп, пішіліп қойылғандай.

 

Марстағы ең үлкен тау Олимп. Оны Эвереспен салыстырсақ мынандай.

 

Юпитер планетасының мақсаты жерді қауіпті астероидттар мен түрлі аспан денелерінен қорғап тұру. Қызық. Тіпті күллі ғалам жербетіндегі адамзат баласы үшін қызмет етуде.

 

Юпитер айдың орынында болғанда мынандай көрініс болар еді.

 

Қызық. Әлсіз жаратылған біз жердің, әлемнің қозғалыста тұрғанын ұмытып кете береміз.

Бізге түнде көрінетін жұлдыздар мына жерде орналасқан. Сары түспен белгіленген.

 

Құс жолын IC 1011 галактикасымен салыстырғанда көзге көрінбейді десе де болады.

 

Енді кішкентай дүниелерге үңіліп көрейікші. Біздің бойымызда триллиондаған жасушалар жұмыс жасауда. Мына суретте қанның ақ жасушалары паразиттен қорғануда.  

 

Ал, ол жасушалар мынандай атомдардан тұрады. Міне біз қандай нәрселерден пайда болып, адам кейпінде құралып тұрмыз.

Адам баласының кім екенін мына сурет жақсы түсіндіресе керек. Адамның бойында шамамен 7.000.000.000.000.000.000.000.000.000 атом бар. Ал, атом неден тұрады. Бөлшектеуге келмейтін бөлшектен. Ғалымдар бөлшектеуге келмейтін бөлшекті ортасынан бөлсек нұр (Энергия, Бомба) шығады дейді. Кванттық физика, толқынды генетика сияқты заманауи ғылымның негізі бойынша материяның түпкі негізі материя емес, сығындалған ақпарат  (информация) дейді. Сонда ол ақпарат не? Жоқ. Түпкі негізге үңіліп, сұрақты жалғастыра берудің өзі қатер. (Ғұламалар сенім мәселесінде адасып кету қаупі бар дейді). Әлемді жоқтан бар еткен бір Алла. Біз осы түйінмен тоқталамыз. Адам баласының дүниені тануға деген шексіз құштарлығы – Жаратушы Иесіне деген талпынысы, жан қалауы. Сондықтан, бұл осымен аяқталмайды. Біздің кім екенімізді ғылыми тұрғыда алдымызға жайып салатын уақыт алыста емес. (Әрине Алланың жер бетіндегі орынбасары, құлы, Мұхаммедтің Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, үмбеті екенімізді).

Нобел сыйлығының иегері Артур Комптон бір жиында: «Құдіреті күшті Жаратушының бар екенін нық сеніммен айта аламын. Әлем белгілі бір жоспармен жобаланып жасалған. Демек, оны жобалаушы біреу бар»,-деп мәлімдейді.  

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы (Зүмәр сүресі, 5-аят). Осы сүренің алтыншы аятында: «Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла (Т.), Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар? (Зүмәр сүресі, 6 аят),-дейді.

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
2 года назад 807
0 комментариев