3D өлшеміндегі халал индустрияны кім жасайды?

Бірде жұмыс үстөлдің үстінде жатқан түрлі газет-журналдың ішінде «The Economist» журналына көзім түсті. Мені ер адам түрлі заттарды принтерден басып шығарып жатқан мұқабасы қызықтыра бастады. Журналды қолыма алып қызығушылықпен оқып шықтым.

Журналды оқып отырып, ұмытылған әлде бір сағыныш деген шынайы сезім көкірегімнен жаңғырып шыққандай болды. Біздің балалық шағымыз жаңаша компьютерлік құрылғылардың пайда болуымен сәйкес келді. Сол уақытта, әсіресе жас балалар қиял - ғажайып құрылғыларды  жасауға, оны меңгеруге деген құлшынысы таңқаларлық еді. Алдымыздан   жарқырап көрінетін болашақ елінде космосқа әр адамның ұшып баруы күнделікті әдетке айналатыны балалық шалқар шабытпен ұштасып жататын еді. The Economist журналындағы мақалада  сол сезіммен тыныстағандай әсер қалдырады. Адамзат әр ғасырда бір рет осындай техникалық энтузиазмға ұрынып отырған. Бірақ мұндай өзгерістерге  жаңа мүмкіндіктер келгенде ғана жол ашылып отырған.

Мысалы, бiрiншi өнеркәсiптiк төңкеріс: 18 ғ. соңында Англияда қолөнер шеберханасының орнына фабрикалардың келуімен басталды. Ал екіншісі - Генри Фордтың конвейерді ашуы, бiр үлгiдегi тауарлардың жаппай өндiрiсті жаулап алуымен тұспа-тұс келді. Екі төңкеріс те қоғамның дамуына ықпал етті, ғылыми жетістік ретінде үлкен қалалардың гүлденуіне мүмкіндік жасады. Ендігі кезекте үшінші өнеркәсіптік төңкерістің  лебі де сезіле бастады. Бүгінгі өндіріс сандық форматқа көшіп, өзгерістер тек бизнесте ғана емес, басқа да алаңдарда көрініс бере бастады.

Бүгін де сол алапат төңкеріске әсер ететін  негізгі факторлардың жиынтығы да тоқайласа бастады. Ақылды компьютерлік бағдарламалар, инновациялық материалдар, алғыр роботтар, жаңа технологиялық үдерiстер, ақпараттық қызметтер. Бұл факторлар фабрикалардың келешекте жаппай «жеке өндіріс» көзіне айналуына септігін тигізеді. Тіпті, бұл үрдіс индустриялды жүйеге айналғанға дейін жалғасын табады.

Бұл кез-келген затты компьютерде жобалап, инновациялық материалдардан 3D принтерінен басып шығара аламыз деген сөз. Таңғажайып машиналар сіздің қоймаңыздан бастап, кез келген нәрсені кез келген жерде өндіре алады.

Сонда, үшінші өнеркәсiптiк төңкерiс шынымен бола ма? Әлде жоқ па? Барлық заттарды түтіні будақтаған фабрикаларда емес, таза 3D принтерінде өндіре аламыз ба? Егер шынымен солай болса біз іздеген таза экологиялық қауіпсіз халал индустрияның негізі осында жатыр емес пе? Бүгінгі күні тұтас индустрияға айналғалы тұрған 3D өлшеміндегі технология қоғамның ықтисатына (экономика), тіпті, ойлау деңгейі мен әлеуметтік жағдайына да  мол өзгеріс әкеледі.

The Economist журналының авторы бұны - ғаламдық технологиялық жетістіктің соңғы қадамы деп қабылдайды. Уақыты келгенде үш өлшемді құрылғы кез келген затты кез келген уақытта инновациялық заттардан өндіріп шығара бастайды. Бұл - ғажап емеспе.?!

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
2 года назад 432
2 комментария
  • Тақырыбын оқығанда тамақпен байланысты ма деп қалдым... сөйтсе басқа нәрсе екен )
    2 года назад
    • Қазіргі уақытта Америка әскерилерге осы 3d принтерден жасалған тамақты беруде. Болашақта әр адам жегісі келген тағамға қажетті қоспаларды қосып тұтына беретін болады. Мұсылмандарға керегіде осы емеспе. Халал қоспалар қосып, компьютерден жобалап, халал тағам жасап алып өзімізде, отбасымызда тұтына береді. Үйіңіздің бір бұрышында завод бар керемет қой.....
      2 года назад