Bio флешка

Жақында ғалымдар сөздің ақпарат ретінде программаланып атадан балаға берілетінін анықтаған. Ал, скептиктер: «қарапайым бір сөз қалайша атадан ұрпаққа берілетін программа болмақшы?»,- деп бас шайқап отыр.

Кейінгі кезде ақпарат құралдарында боқтық сөздің адам денсаулығына зияны туралы жиі пікір таластар туындап жүр. Ш... қайда барсаңызда осы сөзді естисіз. Қашып құтылу мүмкін емес. Үлгермейсіз. Қашып құтылуға. Естіп қаласыз. Мүмкін емес. Айтпауға. Тілге жатталып қалған. Жоқ. Тілге емес, генге. Тұқым қуалайды дейді. Мен емес, ғалымдар айтады. Егер осы сөзбен балаңыз өзіңізді сыбап жатса онда ренжімеңіз. Себебі...

ДНК - дан тірі ағза жасай салу әсте мүмкін емес. Ол үшін геннің мұра болып берілетін ақпараты болуға тиіс екенін білеміз. Сонда ол ақпарат не? «Толқынды генетика» деп аталатын жаңа ғылымның авторы П. Гаряевтың айтуы бойынша, ген – жай ғана жасуша емес. Адам болмысының барлық программалары осы жасушада сақталған. Ал, жасуша – клеткасының құрамы тек химиялық заттардан тұрмайды, хромасомалардың айналасындағы физикалық алаң голографиялық құрылымға тән. Демек, толқындарды (ақпараттарды) тіркеп отырады. ДНК - дағы малекулалар ақпарттарды электромагниттік толқындар арқылы алмастырып отырады. Мұны доктор К.Бакстер былай түсіндіреді: «Адам денесінен ДНК - ны алып, бақылау жасалатын адамға әртүрлі эмоциялық ақпараттар беріледі. Нәтижесінде – адам эмоциялық әсерленуге өте қатты берілген кезде оның денесінен алынған ДНК да тап сондай күшті электромагниттік әсерлерге ұшырап отырады. Бір таңғаларлығы, ДНК-ны эксперимент жасалатын адамнан қанша алыстатсақ та әсерлену сол қалпы сақталды». Демек, сөз уақытпен кеңістікке тәуелсіз әсер.

Осы бағытта ұзақ уақыт еңбек еткен ғалымдар бұл мәселеге қатысты тағы бір таңғажайып жаңалық ашты. ДНК адамның айтқандарын түсінеді. Оның құлақтары дыбыс толқындарын естуге өте қабілетті. Жасуша (атадан балаға берілетін) ақпараттарды акустикалық және жарық арқылы да алмаса алады. Мәселен: үнсіз оқып отырған кітаптағы ақпарат электромагниттік канал арқылы жасуша орталығына барады. Бір сөйлем ДНК-ны емдеп жазса, енді бір сөйлем түрлі ауруларға душар етеді. Адам Жаратушыға шын пейілмен ғибадат жасаған кезде генетикалық ақпарттардың мүмкіндіктері арта береді. Ал жаман сөз ақпараттар толқынын бұзып, ағзаның дұрыс дамуына кедергі жасайды.

П. Гаряевтың ғылыми дәлелі бойынша адамның ішкі ойлары мен сөздерінен адамның генетикалық ақпараттық құрылымы қалыптасады. Мәселен, бала ана құрсағында жатқан кезде ата-анасының бір-бірімен тіл табысуы нашар болатын болса, кейін айналасына зиян әкелгеннен басқа пайда таппайтын ынжық болып өседі. «Атаның бойындағы әлгі «зиян» ДНК-да негізгі ақпарат болып сақталып, кейін баланың болмысына әсер ететіні дәлелденді», - дейді Гаряев.

Сондықтан, біздің не айтып, не тыңдайтынымыз гентикалық ақпарат үшін өте маңызды болмақ. Барлық мәліметтер гентолқынына басылып, әрбір жасушаның бағдарламалары соған орай жасақталып отырады. Бір ғана сөз рак ауруына шалдықтырып, бір ғана сөз қатерлі ісіктен емдей алады. Тағы бір айта кететін жайт, ДНК сізбен байланыс жасап отырған тірі жан ба, әлде теледидардағы кейіпкерлер ме оны ажыратып жатпай-ақ барлық ақпаратты сол қалпында сақтай береді. П. Гаряев бастаған орыс ғалымдары адамның әрбір сөзі ДНК-ға әсер етіп, оның формасы мен құрылысын өзгерте алатынын да анықтады. Егер адам үнемі жағымсыз, боқтық сөз қолданатын болса хромасомалары мутацияланып өзіне әлгі лас ақпаратты деформациялап алады. Сіздің барлық жағымсыз сөздеріңіз бен боқтықтарыңыз ағзаңызға кері әсер етіп қана қоймай, келесі ұрпақтарыңызға да ДНК жады арқылы беріліп отырады.

Әсет БЕКТҰРӘсет БЕКТҰР
2 жыл бұрын 950
2 пікір
Блог туралы
0
10603 23 50 29 31